Ақтауда үстіне жиһаз құлаған адам сал болып қалды
Ақтауда қаңтар айында көпқабатты үйдің жоғары қабатынан құлаған диванның астында қалған ер адамның жағдайы белгілі болды. Дәрігерлердің айтуынша, зардап шегушінің жағдайы қазір тұрақты деңгейде, деп хабарлайды Arbat.media.
Маңғыстау облыстық аурухананың баспасөз қызметі оқыс оқиғадан зардап шеккен тұрғынның жағдайы тұрақты екенін атады.
- Үстіне жиһаз құлаған науқас сал болып қалған. Қазіргі оның денсаулығы қалыпты қалыпты жағдайда, - деді облыстық аурухананың баспасөз қызметі.
Өңірдің полиция департаменті аталған жағдайға қатысты іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатқанын жеткізді.
Бұған дейін Ақтаудағы 11 шағын аудандағы №41 көпқабатты үйдің жоғары қабатынан тұрғындардың бірі жиһазды төмен қарай лақтырған болатын. Құлаған жиһаз сол маңнан өтіп бара жатқан адамның үстіне түскен. Кейін құқық қорғаушылар аталған дерекке қатысты қылмыстық із қозғап, жағдайдың анықталып жатқанын мәлімдеді. Кейін зардап шегушіге күрделі ота жасалды.