Ақтауда үйде есірткі өсірген екі тұрғын ұсталды
Маңғыстау облысында екі тұрғынның үйде есірткі өсіргені анықталды, деп хабарлайды Arbat.media.
Ақтауда 22 шағын аудандағы үйлердің бірінде екі күдіктіні полицияның қолына түсті. Үйге тінту жүргізу кезінде 17 түп есірткі затына ұқсас заттар, екі жарықтандыру шамы және 4 тыңайтқыш тәркіленген.
31 және 41 жастағы күдіктілер ұсталды. Аталған дерек ҚР ҚК 300-бабы 2-бөлігі бойынша Ақтау қаласы ПБ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді, деді ІІМ баспасөз қызметіндегілер.
Бұған дейін Ақтауда есірткі сатумен айналысқан ресейлік азамат ұсталған болатын.
Поделиться
Читать Arbat media в