Ақтауда қол астындағы қызметкерді ұрған полиция басшысының бейнежазбасы жария болды
Әлеуметтік желіде полиция департаментіне қарасты басқарма басшысының орынбасары қол астындағы қызметкерін жиналыс үстінде ұрып жатқан бейнежазбасы жарияланды, деп хабарлайды Arbat.media.
Жария болған бейнежазбадағы оқиғаның қашан болғаны белгісіз. Тек онда лауазымды тұлғанын аты-жөні жазылған.
Маңғыстау облыс ПД КПБ бастығының орынбасары Шынболат Дәрібаев қызметкерлерге тәртіп пен заңдылықты үйретудің орнына оларды ұрып-соғуда, деп жазылған жазбада.
Аталған оқиға туралы Arbat.media тілшісіне Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі кадр саясаты басқармасының жеке құрам бойынша инспекциясы қазіргі уақытта қызметтік тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Поделиться
Читать Arbat media в