Новости Казахстана29 марта 2023, 14:00

Ақтауда қамауға алынған күдікті үш баласын мас күйінде өлтірген - Полиция

Ақтауда үш баласын өлтірген әкеге қатысты қосымша ақпарат жарияланды. ПД мәліметі бойынша күдікті қылмыстық оқиға кезінде мас күйде болған, деп хабарлайды Arbat.media.

Кәмелет жасына толмаған шиеттей үш баласын бауыздап өлтірген тұрғын қылмыс кезінде мас болған көрінеді. Бұл туралы облыстық ПД мәлімдеді. 

24 наурыз күні Ақтаудағы 27 шағын ауданда көпқабаттың үйдің бірінде зорлықпен өлім белгілері бар күйінде үш жасөспірім табылған болатын. Олар 2011, 2014 және 2016 жылы туған бір үйдің балалары. Кейін кәмелетке толмағандарды өлтірді деген күдік бойынша полиция 36 жастағы әкесін қамауға алды. 

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып,  соттың шешімімен Бейнеу ауданының тумасы 2 ай уақытқа қамауға алынды.

-Мессенджерлерде кәмелетке толмағандар зорланған деген жалған ақпараттар тарауда. Тек ресми ақпаратқа сенулеріңізді және шындыққа жанаспайтын және дұрыс емес ақпараттарды таратпауларыңызды сұраймыз, - деді Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер. 

Бұған дейін үш баласы ата-анасының өткен жылы ажырасқаны белгілі болды. Ал үш бала осыдан бір апта бұрын Ақтауда туратын әкесіне Атырауда қыдырып келген. Нақтыланбаған ақпарат бойынша, ажырасқан әйел балалардың әкесінен алимент талап еткен көрінеді. Сонымен бірге, күдікті азамат жиһаз жасау цехында жұмыс істеген болуы мүмкін. 

Бұған дейін Ақтауда жантүршігерлік қылмыстық оқиға орын алып, үш бала адам қолынан қаза тапқан еді. 

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!