Новости Казахстана5 декабря 2022, 17:51

Ақтауда пәтердегі жарылыстан әскери қызметкер қолынан айырылды

Демалыс күні Ақтаудағы тұрғынүйлердің бірінде жойқын жарылыс болды. Түскі уақытта қаланың 27 шағынаудандағы №46 үйде болған жарылыстың дыбысы көршілерге дейін естілген, деп хабарлайды arbat.media.

Оқыстан болған жарылыстың екпінінен пәтердің әйнектері сынған. Оқиға куәгерлерінің сөзіне қарағанда, жарылыстан ер адам қатты зардап шекті. Кейін пәтер тұрғынының сол қолынан айырылғаны белгілі болды. 

Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының дәрігерлері жарылыстан 1988 жылы туған ер адам жеткізілгенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта 34 жастағы азамат жансақтау бөлімінде жатыр. 

"Науқастың жағдайы орташа ауырлықта деп бағаланып отыр. Сол қолының білезік буынының травматикалық ампутациясына зақым келген. Денесінің біраз бөлігінде күйік іздері бар. Науқас сөйлей алады және көру мен есту қабілетіне зиян келмеген, - деді Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының травматология бөлімінің меңгерушісі Есет Шахатбаев.

Жарылыстан зардап шеккен азаматтың әскери қызметкер екені анықталды. Ақтау гарнизонының баспасөз қызметінің дерегі бойынша, қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Ал зардап шеккен азаматқа қатысты қосымша ақпарат тергеу мүддесі үшін әзірге жарияланбайды.

Жарылыс Ақтау Әскери қызметкер Гарнизон Аурухана Пәтер

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!