Ақтауда көпқабатты үй алдында зардап шеккендердің бірі ауруханада жатыр
Қазіргі уақытта жәбірленуші стационарлық ем алып жатыр. Бұл туралы Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.media.
Оң аяғының ашық сынуына байланысты зардап шегушіге металлосинтез операциясы жасалды. Сүйек сынықтарын біріктіру аяқтың берік бекітілуін қамтамасыз етеді.Қазіргі уақытта науқас дәрігерлердің бақылауына алынған, - деді облыстық аурухананың баспасөз қызметіндегілер.
11 мамыр күні Ақтауда "Татьяна" ПИК қызметкерлері 9 шағын ауданда орналасқан 4-ші үйдің кіреберісінде жөндеу жұмыстарын жүргізген болатын. Сол уақытта күнқағар бетонды бөлшектеу кезінде ер адам оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды. Тағы екі адам зардап шегіп, ауруханаға жатқызылғаны айтылды.
Поделиться
Читать Arbat media в