Новости Казахстана16 июня 2023, 13:01

Ақтауда футбол ойнап жүріп жарақат алған бала қайтыс болды

Мамыр айында Ақтауда футбол кезінде қақпаның астында қалған жасөспірім жансақтау бөлімінде қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.Media.

20 мамыр күні Ақтаудағы мектеп алаңында футбол қақпасы басына құлаған жасөспірімді дәрігерлер ажалдан арашалап қала алмады. Ол  ауыр жағдайда жасанды желдеткіш құрылғысына қосылған болатын. 

16 жастағы жасөспірім  футбол қақпасы басына құлағаннан кейін бірден ауруханаға түскен. Кейін ол үйге шығарылған. Алайда арада біраз уақыт өткенде инсультпен қайта ауруханаға түсіп, үш аптаға жуық уақыттан кейін бақиға озды. 

Ақтау футбол өлім

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!