Ақтауда банкке пышақпен кірген адам қамауға алынды
Ақтауда банкке пышақпен кірген ер адам іштегі адамдарды қорқытып, шабуыл жасады, деп хабарлайды Arbat.media.
Оқыс оқиғаға 16 қаңтар күні болған. Банкке белгісіз ер адам масаң күйдекеліп, адамдарға пышақ көрсеткен.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақтау қаласы ПБ криминалдық полиция қызметкерлерімен 43 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Аталған дерек Ақтау қаласы ПБ СДТБТ-де қылмыстық кодекстің 191 бабы бойынша тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде, - деді Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.
Аталған оқиғаның бейнежазбасында ер адамды банк күзетшілері топ болып ұстағаны байқалады. Енді қылмысқа барған ақтаулық азамат заң алдында жауап беретін болады.
Поделиться
Читать Arbat media в