Ақтауда атыс кезінде оқ тиген жігіт қайтыс болды
Ақтауда түнгі клубтағы атыс кезінде оқ тиген 36 жастағы жігіт ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.media.
Аталған дерек ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі бойынша Ақтау қаласы ПБ СДТБТ-де тіркелген. Іздестіру кезінде полиция қызметкерлерімен 31 жастағы күдікті ұсталды, соттың санкциясымен ол 2 айға қамаулды.
Ал 36 жастағы жәбірленуші алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейтіні айтылды.
Сонымен қатар ойын-сауық мекемелерінде құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында прокуратура органдарының үйлестіруімен полиция органдарымен "Montana Blanka", "Vinyl”, "Gremmis" және "Wow" түнгі көңіл көтеру орындарының жанынан стационарлық полиция бекеттерін орнату туралы мәселе шешілді. Жақын арада посттар орнатылады, - деді ІІМ баспасөз қызметіндегілер.