Ақтауда 5,5 балдық жер сілкінісінің дүмпуі сезілді
Астана уақытымен түнгі сағат 00:01 шамасында Каспий жағалауы елдерінің теңізге жақын қалаларында 5,5 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Arbat.media.
Жер сілкінісінің дүмпуі 5,5 балл болғаны айтылды. Аталған сейсмикалық жағдай Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласында анық сезілді.
3-4 секундқа созылған дүмпу кезінде қала тұрғындарының көбі жер сілкінісін анық байқағанын облыс әкімдігінің телеграм-арнасында жазып жатты. Олардың сөзінше, үйде аспалы шам тербеліп, ояу адамдардың бәрі дүмпуді анық аңғарған.
Поделиться
Читать Arbat media в