Новости Казахстана23 мая 2023, 18:23

Ақтау полицейлері кәмелетке толмаған қызды суицидтен құтқарып қалды

Ақтау полицейлері жоғары қабаттан секірмек болған 17 жастағы қызды өлімнен құтқарып қалды, деп хабарлайды Arbat.media.

22 мамырда кешкі сағат 20:55 шамасында 27 шағын аудандағы 74 үйдің төбесінен қыз бала секіргелі тұрғаны туралы тұрғындардан хабарлама келіп түскен.  Облстық полиция департаментінің мәліметінше, учаскелік полиция инспекторлары мен патрульдік полиция батальоны шақырту бойынша келіп, құтқару жұмыстарын бастады.

Үшеуі жоғарыға көтеріліп, бірі әңгімелесіп, көпқабатты үйдің төбесінен секірмек болған қызды көндірмек амалдарына көшті. Төбеге шыққан полицейлер қыздың төмен секіруіне жол бермеген.

Жас қызды ажалдан аман алып қалған тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жәрдем шақырған. Анықтау барысында бойжеткеннің жасы 17-де екені белгілі болды. Жасөспірім кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторларға тапсырылды.

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!