Ақмола облысында қабан атып алған егде жастағы екі адам ұсталды
Ақмола полицейлері автокөліктің жүксалғышында жаралы жабайы қабан бар браконьерді ұстады, деп хабарлайды Arbat.media.
Бүгін өңірдегі Бұланды ауданының ПБ-ге учаскелік инспектор Никольское ауылының маңында браконьерлікпен айналысқан екі ер адам жабайы қабанды атып өлтіргені туралы хабарландыру алған. Аталған дерек ҚР ҚК 337-бабының 1-бөлігі “Заңсыз аңшылық”бойынша СДТБТ-да тіркелді.
Жараланған жабайы қабанды полицейлер ауданның 65 жастағы тұрғынының басқаруындағы УАЗ Patriot автокөлігінің жүксалғышында тауып алды. Жүргізушіден басқа көлікте жолаушы, 57 жастағы жергілікті тұрғын болған, ол жануарды атып өлтіргенін тексеру кезінде мойындады.
Ер адамнан 12 калибрлі ИЖ-27 маркалы тегіс ұңғылы аңшылық мылтық тәркіленіп, қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, барлық мән-жайлар анықталуда.