Новости Казахстана20 февраля 2023, 15:38

Ақмола облысында пойыз бен көлік соғылып адам қайтыс болды

Ақмола облысында пойыз теміржолға шығып кеткен автокөлікті соғып, адам қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.media.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат теміржол өткелінде болған. 

20 ақпан күні сағат 6:45-те Ақмола облысының Бурабай-Шортанды учаскесінде автомобиль жүргізушісі бағдаршамның тыйым салынған қызыл белгісіне және шлагбаумның жабылғанына қарамастан теміржол өткеліне шығып кеткен, - деді ҚТЖ АҚ-ның ресми хабарламасында.

Төтенше жағдай салдарынан құрбан болған бары айтылды. Өткелдегі белгі беру құрылғысы дұрыс жұмыс істеп тұрған, кезекші сол жерде болған.

46 жастағы Новокубанка ауылының тұрғыны басқарған Jiefang автокөлігі мен Бурабай-Астана жүк пойызы соқтығысты. Салдарынан оқиға орнында жүргізуші мен минивэннің екі жолаушысы көз жұмды. Олар 1975 жылы туған әйел және 1985 жылы туған ер адам. Екеуі де Астана қаласының тұрғындары. Тағы үш жолаушы аудандық орталық ауруханаға жатқызылды, - деді ІІМ баспасөз қызметіндегілер. 

Бұған дейін Қызылорда облысында болған жол апатынан 4 адам қайтыс болған еді. Сондай-ақ, ШҚО-да жол апаты тіркеліп, 3 адам бақилық болды. 

ҚТЖ Жол апаты өлім Ақмола облысы

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!