Новости Казахстана5 июля 2023, 18:35

Ақмола облысында дәмханалардың бірі түн ішінде жанып кетті

Бурабай ауданында жазғы дәмханадағы өртті қырыққа жуық ТЖД мамандары сөндірді, деп хабарлайды Arbat.media.

Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті Бурабай ауданы, Бурабай ауылындағы жазғы дәмханадағы өрт 5 шілдеде түн ішінде болғанын мәлімдеді. 

Шақырту орнына бірден Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 38 адамы мен 10 техникасы, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 2 қызметкері мен 2 техникасы жөнелтілді.Қабылданған жедел іс-шаралардың арқасында сағат 04.13 оқшауланған өрт, 05.04-те жойылды. Жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ, - деп жазылған облыстық ТЖД таратқан ақпаратта. 

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Келген уақытта жазғы дәмхананың ғимараты толығымен өртке оранғаны анықталды. Бұл, хабарламаның кеш түскенін көрсетеді. Лезде қосымша күштер мен құралдарды тарту туралы шешім қабылданды. Сөндіру кезінде 4 газ баллоны жарылып, бұл жалынның көршілес ғимараттарға одан әрі тез таралуына әсер етті. Жедел қабылданған шаралар оттың тұрғын үйлерге таралуының алдын алды», - деді Щучье қалалық жасағының бастығы Руслан Базарбаев.

 

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!