Новости Казахстана27 июня 2023, 20:54

Ақмола облысында 120 гектарға жуық орман мемлекет иелігіне қайтарылды

Ақмола облысының Ақкөл ауданы прокуратурасы 678 млн теңге болатын 118,9 га жер – сауықтыру, туристік және спорттық мақсаттар үшін ұзақ мерзімге пайдалануға берілген орман қоры учаскесі мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы өңірлік прокуратура мәлімдеді. Құзырлы орган соңғы жеті жылдан беір еш мақсатта пайдаланылмай, жалдау ақысы төленбеген орман алқабын мемлекет иелігіне өткізгенін мәлімдеді. 

Учаскелер 2016 жылдан бастап көзделген мақсатта пайдаланбаған, жалдау ақысы төленбеген. Сонымен қатар кәсіпкерлер орман өрті қаупінің жоғары болғанына қарамастан, оның алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізбей, өртке қарсы жоспарлар әзірлемеген. Жоғарыда аталған мән-жай аудан прокуратурасының актісі бойынша шарттарды бұзуға негіз болған. Жалпы құны 678 млн теңге болатын 118,9 га жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды, - деді облыстық прокуратураның баспасөз қызметі. 

 

Ақмола облысы Орман Прокуратура

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!