Новости Казахстана24 мая 2023, 21:21

Антикор Кәрім Көкірекбаевқа қатысты тергеуді аяқтады

Антикор Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Кәрім Көкрекбаевқа қатысты тергеу ісін аяқтады, деп хабарлайды Arbat.media.

ҚР ТЖМ қарасты "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің директоры Кәрім Көкрекбаев ірі көлемде пара алды деген күдікпен өткен жылдың соңында ұсталған болатын. Қазіргі уақытта Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтағанын мәлімдеді.

Ұйымның басшылығы орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғанын және қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жалпы сомасы 396 млн теңге көлемінде пара алғанын растап отыр. 

Тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауда отыр. Қазіргі уақытта қылмыстық іс ҚР ҚПК 300-бабы тәртібінде сотқа жіберу туралы мәселені шешу үшін Алматы облысының прокуратурасына берілді. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - деп жазылған Антикор мәліметінде. 

Бұрын Кәрім Көкрекбаев  2013-2018 жылдар аралығында Жамбыл облысының әкімі болған. 2019 жылдың тамыз айынан бастап «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесіне басшылыққа тағайындалды. Бұл тағайындауға дейін ол Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі қызметін атқарған еді. 

Кәрім Көкрекбаев Антикор Тергеу

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!