Новости Казахстана22 сентября 2023, 8:00

Алтын рудасын өңдейтін заңсыз цех анықталды

Ақмола облысында құрамында алтыны бар материалды қайта өңдеуге арналған шағын цех жойылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ,ҚР ІІМ баспасөз қызметі жариялады. 

50 жастағы ауыл тұрғыны заңсыз өндіріс жүргізген. Полиция қызметкерлері үгіту аппараты мен басқа да жабдықтарды күдіктінің тұрғылықты жерінен тапты.

Бұл фактіні құқық қорғау органдары ҚР ҚК 295-1-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеді.

Тергеу шаралары жалғасып жатыр.

Ақмола облысы заңсыз цех алтын рудасы

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!