"Алтын доптың" иегері Лука Модрич "Реалдан" кететін болды
"Реал Мадрид" клубында жартылай қорғаушы ретінде 2012 жылдан бері ойнап келе жатқан хорватиялық Лука Модрич командадан кетеді, деп хабарлайды Arbat.media.
Еуропаның Diario Sport басылымы хорват футболшы Сауд Арабиясындағы клубтардың бірімен келісімшартқа отыратыны туралы жазды. Егер бұл келісім-шарт жасалған жағдай Модрич үш жыл бойы аталған елде доп тебуі мүмкін.
2018 және 2022 жылдары өткен әлем чемпионатында күміс және қола жүлде иеленген футболшы Хорватия құрамасына ойнаудан үмітті екенін атаған. Сондай-ақ, ол алдағы Еуро-2024 турнирінде ұлттық құрамасының намысын қорғанысын ұстауды ниет етіп отыр.
Лука Модричтің "Реалмен" келісімшарты 2023 жылдың 30 маусымында аяқталады. Ол 2012 жылы ағылшынның "Тоттенхэм" клубынан ауысып келген болатын.
Бұған дейін "Реал" қатарында 14 жыл шабуылшы болған Кәрім Бензема клубтан кеткен болатын. Француз футболшысы алдағы уақытта Сауд Арабиясының чемпионатында ойнамақ.