Алты жасар бала үйдің шатырынан құлап өлді
Алматы қаласында ойнап жүрген бала тұрғын үйдің шатырынан құлап мерт болды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратты.
Бостандық ауданы полиция басқармасында 2017 жылы туған баланың өлімі бойынша Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2 бөлігімен қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Поделиться
Читать Arbat media в