Алматыдағы әскери институтта курсант өлі табылды
Алматыдағы құрлық әскерлері әскери институтының оқу орталығының қарауылдық бекетінде тұрған 1 курс курсанты қайтыс болды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Қорғаныс министрлігінің мәлімет бойынша, қазір марқұмның өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.
Оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасарының бастауымен арнайы комиссия жіберілген.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына байланысты бұдан өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін әзірге жария етілмейді.
Бұған дейін Ресейдің Саратов облысында әскери институтта оқып жүрген қазақстандық курсант қайтыс болған еді.
Поделиться
Читать Arbat media в