Новости Казахстана7 апреля 2023, 17:33

Алматыда зорланған мұғалім өзіне қол жұмсады

Алматы қаласындағы №10 мектеп-интернаттың мұғалімі сол білім мекемесінің директоры оны зорлағанын айтты. Болған оқиғадан кейін әйел өз-өзіне қол жұмсамақ болған, деп хабарлайды Arbat.media.

Мұғалімнің айтуынша директор оған бірнеше рет қорлық көрсетіп, 2022 жылдың күзінде зорлағанын айтады. Алайда бұл ақпаратты жария еткен соң директор жұмыстан кету туралы арыз жазып, тағылған айыпты жоққа шығарған.

Кейін зардап шеккен мұғалім өлім алдындағы хат жазып, өзіне қол жұмсаған. Дәрігерлер оны дер кезінде құтқарып аман алып қалды.

Қазір Алматы қалалық түзеу мекемесінде ҚР Қылмыстық кодексінің "Зорлау" бабы бойынша іс қозғалды. Бұл арада полицейлер ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы бойынша тағы бір іс қозғады.

Қылмыстық істерді Бостандық аудандық ішкі істер бөлімі тергеуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

зорлық-зомбылық Алматы Мектеп қорлық

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!