Алматыда жоғалып кеткен екі ер адамның денесі табылды
Алматыда із-түзсіз жоғалып кеткен екі ер адамның өлі денесі табылды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram парақшасында хабарлады.
Із-түзсіз жоғалған алматылықтар өлі күйінде табылды.
Екеуін де полицейлер мен еріктілер іздеген болатын.
Ер адамның бірінің денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылды.
40 жастағы Жарқын Арғымбеков қыркүйектің 28-і күні түсте жоғалып кеткен.
Ол ақ түсті «Мицубиси» көлігімен Ащыбұлақ ауылынан шығып кетіп, хабарсыз кеткен.
Оның денесі 1 қазан күні табылды.
31 жастағы Равиль Териянов 29 тамыз күні сағат 18:30-да «Айнабұлақ-2» шағын ауданындағы үйінен шығып кетіп, отбасы оны сол бойы көрмеген.
Ер адамның мәйіті Еңбекшіқазақ ауданындағы ауылдардың бірінің шетінен зорлық-зомбылық белгілерімен табылды.
Кісі өлтірді деген күдіктілер анықталып, қамауға алынды.