Алматыда жекеменшік мектепте 1-сыныптың оқушысын зорлаған
Алматыда 1-сыныпта оқитын балаға сексуалды сипатта зорлық-зомбылық әрекеттерін көрсету бабымен тергеу жүріп жатыр
Бұл оқиға туралы баланың анасы әлеуметтік желіде жазды.
«12 қыркүйек күні ұлым мектептен шалбары жыртылып келді. Келесі күні оны тігейін деп отырғанымда, көзім ақ дақтарды шалып қалды. Сол кезде баламның зорлық-зомбылыққа ұшырағанын түсіндім, жанымда үлкен қызым болған. Екеуміз полиция шақырдық», – дейді әйел.
Айтуынша, ұлы не болғанын айтпаған, бірақ оның психологиялық жағдайы 15 қыркүйектен бастап қатты нашарлаған. Ұйқысы бұзылып, жаман түс көріп, агрессияға жиі берілетін болған. Қазір онымен психолог және психотерапевт жұмыс істеп жатыр.
Алматы ПД аталмыш дерекпен сараптамалар тағайындаған.
Алматы ПД бастығының бірінші орынбасары полковнигі Нұрлан Алмасбеков:
Алматы қаласы Бостандық ауданы полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 121-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.
ҚР Қылмысты-процестік кодексінің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмеді.