Новости Казахстана6 апреля 2023, 16:23

Алматыда жалған банкноттарды сатумен айналысқан топ қолға түсті

Алматыда 10 000 теңгелік жалған банкноттарды сатумен айналысқан бір топ тұлғалардың қылмыстық әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды Arbat.media.

Еліміздің қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті жүргізген тінту барысында қылмыстық әрекеттің заттай айғағы тәркіленді. Оның ішінде жалған банкноттар, ұялы телефондар және басқа да заттар табылып отыр.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бір күдіктіге қатысты "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қазіргі уақытта екінші күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Сондай-ақ, басқа тұлғалардың заңсыз әрекеттерге қатысы анықталу үстінде. Тергеу жұмыстары жалғасуда, деп жазылған ҚМА хабарламасында.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер әзірге жарияланбайды. 

Жалған банкнот Қаржы Қаржы ҚМА

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!