Новости Казахстана14 февраля 2023, 20:06

Алматыда сәбиін сатпақ болған ерлі-зайыпты ұсталды

Алматыда туған баласын екі миллионға сатпақ болған күйеуі мен әйелі ұсталды, деп хабарлайды Arbat.media.

Polisia.kz-тің жазуынша, кішкентай баласын екі миллион теңгеге сатпақ болған ата-ана Алмалы ауданында полиция қолына тсүті. Енді оларға қатысты қылмыстық кодекстің 135 бабы 2 бөлігі (Кәмелетке толмағандар саудасы) бойынша іс қозғалып отыр. 

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы Жанат Нұрғалиев күдікке ілінген азаматтар нәрестені сатып алатын адамдарды алдын ала дайындап қойған. 

1998 жылы туған Б. есімді әйел мен оның күйеуі 1991 жылы туған Б. есімді азамат ұсталды. Бірнеше сағат бұрын әйел перзентханадан шыққан. Олар сол жерден бірден мәміле жасауға кеткен. Олар ұлын 2 миллион теңгеге бағалаған. Айта кету керек, ерлі-зайыптылар туылмаған бала үшін "әлеуетті ата-ананы" алдын ала іздеген. Жаңа туған нәрестені сатудан түскен ақша айыпталушыларды ұстау кезінде тәркіленді. Қылмыстық іс аясында жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, — деді Жанат Нұрғалиев.

 

Сәби Сауда полиция Қоғам

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!