Алматыда кесілген басты дүкенде тастап кеткен: куәгерлер қанды қылмыс туралы айтып берді
12 сәуір күні бетперде киген белгісіз біреу кесілген адамның басын пакетке салып, базарда тастап кеткенін көрген куәгерлер қанды қылмыс туралы айтып берді, деп хабарлайды Arbat.media.
Олардың айтуынша күдікті пакетті күндізгі 12:00 шамасында шұжық сататын дүкенге тастағанға дейін базар ішін 3-4 рет айналып өткен.
Осы жерде жүрді күдікті адам, маска тағып, көзілдірік киіп алған. Көк түсті күртеше киіп, әрі-бері жүрді. Пакетті біздің көрші дүкенге тастап кетіпті. Кейін сатушы күзет пен бақылаушыны шақырды, енді күдікті адам келіп тұр ғой. Сосын сыртта тексеріп ашып қараса, адамның басы екен, – дейді саудагер Алдияр Әбиболла.
Пакеттің ішіндегі басты көрген саудагерлер бірден полиция шақырды. Ал марқұмның денесі саябақ маңындағы қараусыз қалған ғимарат жанынан табылған. Ол 1976 жылы туған әйел.
Тұрақты тұрғылықты жері жоқ, бұрын есірткі қылмысы үшін бірнеше рет сотталған. Біраз уақыттан кейін сол маңдағы сауда орындарының бірінен әйелдің басы табылды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция Басқармасымен ҚР ҚКнің 99-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қылмысты ашуға және оның мән-жайын анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар кешені жүргізілуде, – деді полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы полициясы басы кесілген әйелді өлтірген күдіктіні іздестіріп жатырғаны туралы жазғанбыз.