Алматыда бес адам ЖИТС жұқтырды
Алматыдағы орталық қалалық клиникалық ауруханада 5 науқас ЖИТС жұқтырды, деп хабарлайды Arbat.media.
Аталған жағдайға қатысты қазіргі уақытта эпидемиологиялық тергеу жүргізіліп жатыр.
Инфекция дерегі туралы еліміздің Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник растады. Алайда бұл ауруханада ресми түрде жарияланған жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, 2006 жылы Шымкент ауруханаларында 150-ге жуық бала АИТВ жұқтырған болатын. Жаппай инфекция қан құю операциялары кезінде пайда болған еді.
Алматы қаласының қазіргі әкімі Ерболат Досаев сол кезде денсаулық сақтау министрі қызметін атқарып, шулы оқиғадан кейін отставкаға кетті.
Поделиться
Читать Arbat media в