Новости Казахстана13 апреля 2023, 14:37

Ерболат Досаев: Алматыда бағдаршамдарды жасанды интеллект басқарады

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесуінде қаладағы бағдаршамдарды жасанды интеллект арқылы басқару туралы айтты, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл алдағы уақытта болуы мүмкін деп айтты қала басшысы.
Қала бір орында тұрған жоқ. Біз қазір екінші сатысына келдік. Жыл соңына дейін айқындаймыз деп ойлаймын. Бұл жасанды интеллектіні қолдану мәселесі. Мұндай тәжірибе көптеген жерде бар. Яғни, қарбалас уақытта бағдаршамдар жасанды интеллектпен басқарылады. Қазір сіздің жобаңызды да қарастырайық, осында отырған менің орынбасарым Асқар Әмринге жолығыңыз, – деді Ерболат Досаев.

Қала тұрғындары қаладағы бағдаршамдар туралы әкімге ұсыныстарын айтты.

Білесіздер ғой, Алматыда таңертең барлығы орталыққа, ал кешке қала сыртына қарай жүреді. Сондықтан бағдаршамдарды саралау арқылы басқаруды ұсынамын. Таңертең көбірек қалаға қарай бағыттап және кешке керісінше. Жалпы бағдаршам жұмысын реттеу туралы идеялар көп, – деді Әуезов ауданының тұрғыны.

 

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!