Алматыда атыс болып, екі адам жараланды
Алматыдағы әл-Фараби мен Фурманов көшлерінің қиылысында орналасқан мейрамханада түнде 00:30 шамасында атыс болды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бетперде таққан төрт адам келіп, тапаншадан оқ жаудырған дейді куәгерлер. Бір адам ішінен, екіншісі аяғынан жараланған.
Бостандық ауданының полиция бөлімі болған оқиғаны тіркеп, тергеу жүргізіп жатыр.
«Алматы ПД бастығы Арыстанғани Заппаров бастаған жедел-тергеу тобы оқиға болған жерге барды. Кешенді жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр», - деп жазды ІІМ-нен.
Күдіктілердің бірі қамауға алынған. Қалғандары анықталып, тиісті жауапқа тартылады.
Поделиться
Читать Arbat media в