Алматыда ақша бопсалады деген күдікпен екі журналист қамауға алынды
Алматыда ерлі-зайыпты журналистер Владимир мен Наргиз Северный ұсталғаны белгілі болды, деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы ақпараттық парақшаларда жарияланды. Алдын ала дерек бойынша, журналистің әскери саладағы мәселе туралы жазған.
Жағымсыз ақпараттардың жарияланбауы үшін ЖШС басшылығынан ақша бопсалаған ерлі-зайыпты журналистер ұсталды. Қазіргі таңда аталған деректің толық мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде заңды процессуалдық шешім қабылданады, - деп жазылған ІІМ-нің ресми Telegram-арнасында.
Бұған дейін Владимир мен Наргиз Северныйдың қаладағы сауда үйлерінің бірінде олардың көз алдында ұсталғаны белгілі болды.
Оларды формадағы бірнеше адам ұстады және тергеушілер жеке заттарын тінтіп, видеоға түсіріп тұрды. Анамды бізбен сөйлестірместен бірден бөлімшеге алып кетті, әкемді бізбен бірге үйге жеткеннен кейін алып кетті. Менің отбасымның ешқайсысы олармен байланысып, телефон соғып, не болып жатқанын біле алмайды, өйткені телефондары тәркіленді, – дейді журналистердің ұлы.
Владимир Северный қазақстандық әскери журналист. Бірер күн бұрын оның әйелі Наргиз Северная әлеуметтік желіде Қорғаныс министрлігінде әскердегі мәселелерді жариялағаны үшін журналистке қарсы арандатулар дайындалып жатқандығы туралы хабарлаған болатын.