Новости Казахстана17 апреля 2023, 22:28

Алматыда Әл-Фараби, Абай, Сейфуллин даңғылдары және Төле би көшеcі жөнделеді

Алматы әкімдігі биыл жөнделетін көшелердің тізімін жариялады. Әкімдіктің хабарлауынша 2023 жылы орташа жөндеу жұмыстары кезінде ұзындығы 200 км-ден асатын 230 көше жөнделеді. Бұл мақсатқа қалалық бюджеттен 20 миллиард теңге бөлінді, деп хабарлайды Arbat.media.

Зақымдалған жерлерді түзеу, тозған жоғарғы қабаттарды қалпына келтіру бойынша кешенді жұмыстар жоспарланған.

Жөнделетін көшелер тізімі:

1. Әл-Фараби даңғылы Достык СО-нан Әл-Фараби Торайғыровқа дейін Әл-Фараби Esentai Mall ССО жанындағы айналмалы тоннелдерді қоса

2. Абай даңғылы Тілендиев көшесінен Достық даңғылына дейін;

3. Тілендиев көшесі Сәтбаев көшесінен Райымбек даңғылына дейін;

4. Байзақов көшесі Тимирязев көшесінен Райымбек даңғылына дейін;

5. Тұрғұт Өзал көшесі Сәтбаев көшесінен Төле би көшесіне дейін;

6. Саин көшесі Бак бойындағы көшеден Монке би көшесіне дейін;

7. Төле би көшесі Байтұрсынов көшесінен Назарбаев даңғылына дейін;

8. Манас көшесі Сәтбаев көшесінен Жамбыл көшесіне дейін;

9. Шаляпин көшесі Береговой көшесінен Әшімов көшесіне дейін;

10. Сейфуллин даңғылы Рысқұлов даңғылынан Алматы-1 теміржол вокзалына дейін.

Аялдама кешендері де жөндеуден өтеді деп жоспарланған.

Жұмыстарды мердігерлік ұйымдарды анықтау бойынша конкурстық рәсімдер аяқталғаннан кейін бастау жоспарлануда. Магистральдық көшелерді орташа жөндеуді 27 тамызға дейін аяқтау жоспарлануда, ал аудандық маңызы бар көшелер 30 қазанға дейін жөнделеді. Жұмыстар басталар алдында әр көше бойынша жұмыстарды жүргізудің жоспарланған мерзімдері бар тізімдер жарияланатын болады, – делінген Алматы әкімдігінің хабарламасында.

Алматы әл-Фараби Абай Сейфуллин Төле би

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!