Алматы облысының тұрғыны 2 қап есірткімен қолға түсті
Алматы облысының орталығында 28 жастағы жігіттің көлігін тінту кезінде екі қап марихуана табылды, деп хабарлайды Arbat.media
Бүгін Қонаев қалалық полиция басқармасы қызметкерлері Алматы облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының мамандарымен бірлесіп «Қарасора - 2023» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу баырсында ірі көлемде тыйым салынған есірткі өнімін тапты. Шара барысында 1995 жылғы азаматтың басқаруындағы көлік тоқтатылды.
Автокөліктің салонында өсімдік тектес заттары бар салмағы 20 келіден асатын екі қап кептірілмеген марихуана тәркіленді. Дерек ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамы белгілері бойынша тіркелді. Күдікті уақыт ұстау изоляторына қамалды, - деді ІІМ баспасөз қызметіндегілер.
Поделиться
Читать Arbat media в