Новости Казахстана7 апреля 2023, 14:45

Алматы облысында қорықшыға шабуыл жасаған броконьерлер он бес жылға сотталуы мүмкін

Алматы облысында электр тоғымен балық аулап отырған броконьерлік топ қорықның қайығын суға батыруға әрекеттенгені үшін он бес жылға сотталуы мүмкін, деп хабарлайды Arbat.media.

Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының Төменгі Іле балық инспекциясының мемлекеттік инспекторы «Майтан» ЖШС қорықшысымен Іле өзенінде бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізу кезінде тыйым салынған электр тоғын қолдана отырып, заңсыз балық аулау дерегін анықталды.


Үш моторлы қайықта 6 заң бұзушы браконьерлікпен айналысып, ұстамақ болған кезде олар табиғат пайдаланушының жүзу көлігін суға батыруға әрекет жасап, кейін оқиға орнынан қашып кеткен.

Бұл жағдай ҚР Қылмыстық кодексінің 380-1-бабы  бойынша мемлекеттік инспектор мен қорықшының қызметтік міндеттерін орындау кезінде олардың өміріне қолсұғушылық болып табылады.

Осы бапқа сәйкес жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор мен қорықшыға қатысты олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде қасақана іс-әрекеттері үшін мүлкі тәркілене отырып 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалану қарастырылған.

Сонымен қатар, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын заңсыз аулағаны үшін қылмыстық кодекстің 335-бабымен 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік белгіленген.

Аталған оқиғаға байланысты Алматы облысы Балқаш ауданының полиция бөліміне 2023 жылғы 6 сәуірде ұстау кезінде қарсылық көрсету, қызметтік міндеттерін атқару кезінде лауазымды адамдарға шабуыл жасау және заңсыз балық аулау фактілері бойынша іс жүргізу шешімін қабылдау үшін өтініш берілген.

Алматы облысы Броконьер Заң Балық аулау

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!