Алматы облысында малшылар мертіккен қар барысын тауып алды
Алматы облысында мал бағып жүрген шаруалар өрістен жүре алмай қалған барысты тауып алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.media.
Қар барысына қатысты оқиғасы 19 сәуір күні Алматы облысы Райымбек ауданында болған. ПБ кезекші бөліміне Сарыбастау кентінің тұрғынынан мал жаю кезінде әлсіреген қар барысы кездестіргенін хабарлаған. Түз тағысының артқы аяқтарының қозғалыс функциялары бұзылғаны тексеру кезінде белгілі болды.
"Оқиға орнына «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторлары, Райымбек ауданы полиция бөлімі қызметкері, табиғат қорғау полициясы барып, акт толтырды. 20 сәуір күні Қызыл кітапқа енген жануар Алматы хайуанаттар бағына жеткізілді, деді Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі.
Поделиться
Читать Arbat media в