Алматы облысында итті көлікпен сүйреген жүргізуші анықталды
Алматы облысында итті көлікке байлап, жол үстімен сүйреген жүргізушіні полиция анықтады, деп хабарлайды Arbat.media.
Алматы облысында итті көлікпен тіркеп сүйреген бейнежазба әлеуметтік желіде кеңінен тарағаннан кейін жануарларды қорғаушылар дабыл қаққан болатын. Бейнежазба авторы көлік иесінің сағатына шамамен 60 шақырым жылдамдықпен келе жатқаны туралы айтты.
Осыдан кейін Алматы облысының полиция департаменті Талғар ауданының полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 316-бабымен тергеуді жұмыстарын бастаған.
Сотқа дейінгі тергеу жоғарыда аталған бөлімше қызметкерлеріне жүктелді. Құқық бұзушы – азамат Ж. 1987 жылы туған. Қазіргі уақытта айыпталушы қатыстырыла отырып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, - деді Алматы облысы Полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов.