Новости Казахстана28 августа 2023, 10:17

Алматы метросынан ₸5 млрд желге ұшқан

Алматы метросынан ₸5 млрд ұрлады деген күдіктілердің ісі сотқа жетті, деп хабарлайды Arbat.media.

Мердігер ұйымдар - «Алматыметроқұрылыс» АҚ және «Автоматтандыру және технологиялар сервисі» ЖШС лауазымды тұлғалары және «Метрополитен» КМК бұрынғы басшылығына қатысты істі көлік прокуратурасы тергеп бітті. Қылмыстық іс ҚК 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы және 216-бабының 3-бөлігімен қозғалған.

Көлік прокуратурасы тергеп бітті. Қылмыстық іс ҚК 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы және 216-бабының 3-бөлігімен қозғалған.

Күдіктілер Алматы метрополитенінің жаңа желісін салған кезде бәрін басқару міндетін атқарған, бұл өз кезегінде оларға қылмыс жасауға және 5 млрд теңге ұрлауға мүмкіндік берген. Олар ұсынған бағаны жинақтап, құны 10 есе жоғары жабдықтарға смета жасаған. Сөйтіп ұрланған қаржыны «жалған кәсіпорындар» арқылы қолма-қол ақшаға ауыстырған.

Жымқырылған қаражатты қайтару үшін үш қымбат пәтерге, Алматыдағы бір кеңсеге, Алматы облысындағы жер учаскесіне, қымбат көліктеріне, бренд сағаттарға және басқа да бірқатар активке тыйым салынып, іс сотқа жіберілді.

 

Алматы метро сыбайлас жемқорлық сот

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!