Новости Казахстана23 мая 2023, 19:48

Алматы мектептерінде соңғы қоңырау 1 маусымда соғылады

Алматы қаласында мектеп оқушылары үшін соңғы қоңырау 1 маусымда соғылады, деп хабарлайды Arbat.media.

Биыл еліміз бойынша 4, 9 және 11 сынып оқушылары үшін оқу жылының аяқталуына орай салтанатты іс-шара өткізіледі. Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Жанат Айтпаева айтуынша, мегаполисте оқу жылын 313 мектеп, 12 мектеп-интернат және 85 техникалық және кәсіптік білім мекемелері аяқтамақ. Бұл мекемелердің барлығында 400 мыңнан астам оқушылар мен тәрбиеленушілер білім алып жатыр.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығына сәйкес оқу жылының мерзімі 2023 жылдың 31 мамырында аяқталады.

"Соңғы сабақ күні барлық мектептер бекітілген кестеге сәйкес өз сабақтарын жүргізеді және оқу күнін сынып сағатын өткізумен аяқтайды. Сынып сағатының мақсаты – оқу жылын қорытындылау және жазғы демалыс кезеңіне балаларды әзірлеу", - деді Жанат Айтпаева.

Сынып сағатында негізінен патриотизм, отанды сүю, достық, татулық, ел тарихына, саяси репрессия мен аштық құрбандарының есімдеріне құрмет таныту тақырыптарына басымдық берілуі керек

"Біз Оқу жылының аяқталуы бойынша салтанатты іс-шараны өткізуге қатысты барлық мектеп дәстүрлерін қолдай отырып, мектептердің салтанатты жиын өткізу туралы шешімнің дербес қабылданатынын хабарлаймыз", - деп толықтырды қалалық білім басқармасының өкілі.

Биыл Алматыда 28 мыңнан астам түлек 9-сыныптарды және 14 мыңнан астам түлек 11-сыныптарды бітіргелі отыр. 

Алматы Білім беру Мектеп

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!