Новости Казахстана7 июня 2023, 20:47

Алматы әкімдігі ғимаратындағы жөндеу жұмыстары күзде аяқталады

Қаңтар оқиғасы кезінде өртеніп кеткен әкімдік ғимараты қазан айында қайта пайдалануға беріледі, деп хабарлайды  Arbat.media.

Қазіргі уақытта нысанда қалыпқа келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы әкімі аппаратының ғимаратын қалпына келтіру жұмысын бастауға қаражат толық бөлінген. 

2022 жылы 27 сәуір күні Алматы қаласының құрылыс басқармасы мен «Атрикс-Строй» ЖШС арасында Алматы қаласы әкімі аппаратының ғимаратын қайта жаңарту туралы шарт жасалған көрінеді. 

1, 2, 3 павильон бойынша сметалық құнның сомасы - 12 662 747 мың теңге және 4 павильон - 4 484 643 мың теңге (барлығы 17 147 390 мың). Бүгінгі таңда барлық павильондарды демонтаждау және сейсмикалық күшейту жұмыстары аяқталды, ішкі әрлеу жұмыстары, инженерлік желілерді төсеу, салқындату жүйесі жабдықтарын орнату, фальшедендерді монтаждау, қасбетті мәрмәр және травертинмен қаптау, терезе блоктарының құрылысы жүргізіліп жатыр. Осы жылдың маусым айынан бастап барлық павильондарды кезең-кезеңімен тапсыру жоспарланған. Жұмыстар кестеге сәйкес атқарылып жатыр. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау қазан айына белгіленген», - деп жазылған әкімдік таратқан мәліметте. 

а

Қаңтар оқиғасы Алматы әкімдігі Жөндеу жұмыстары

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!