Новости Казахстана30 марта 2023, 15:59

Әлихан Смайылов қайтадан премьер-министр лауазымына тағайындалды

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілістің пленарлық отырысында Премьер-Министр лауазымына Әлихан Смайыловты тағайындау үшін депутаттардың келісім беруін сұрады, деп хабарлайды Arbat.media. 

Ақорданың баспасөз қызметі президенттің Үкімет басшысы лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасын ұсынғаны туралы ақпарат таратты.

Мен сайлауда жеңіске жеткен партия Мемлекет басшысына Премьер-Министрдің кандидатурасын ұсына алатынын атап өттім. Бүгін мен Мәжіліс төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошановты қабылдадым. Жаңа ғана фракция жетекшілерімен арнайы кездестім. Үкімет басшысы лауазымына Amanat партиясы ұсынған кандидатты талқыладық. Ортақ мәмілеге келдік.  Ата заңымыздың 44-бабына сәйкес, Премьер-Министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасын ұсынамын. Баршаңыз бұл азаматты жақсы танисыздар. Білікті әрі тәжірибелі маман. Жұмысқа адал, еңбекқор адам. Ол Үкіметтің алдында тұрған міндеттерді жақсы біледі. Оған жаңа Үкіметтің тізгінін сеніп тапсыруға болады деп санаймын. Конституцияның 56-бабына сәйкес Премьер-Министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловты тағайындау үшін Мәжілістің келісім беруін сұраймын, - деді Президент.

Мәжіліс депутаттарының дауыс беру нәтижесінде Әлихан Смайылов қайтадан Үкімет басшысы болып тағайындалды. Халық қалаулылары 82-сі Смайыловтың кандидатурасын қолдаса,  7- і қарсы болған, ал сегіз депутат қалыс қалды. 

 

Әлихан Смайылов Үкімет Мәжіліс премьер-министр

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!