Новости Казахстана5 июня 2023, 15:26

Әлеуметтік желіде қару жарнамалаған ел тұрғыны тексеріліп жатыр

Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желіге мониторинг жасау барысында атыс қаруын жарнамалаған ел тұрғынын анықтады, деп хабарлайды Arbat.media.

 2 маусымда белгісіз ер адам әлеуметтік желіде атыс қаруын “жарнамалаған“ бейнежазба жариялаған.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері ер адамның жеке басын анықтады. Ол Павлодар қаласының бұрын сотталған 33 жастағы тұрғыны болып шықты. Одан Стечкин пневматикалық тапаншасы тәркіленді. Сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады, - деді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.

 

Қару-жарақ Павлодар облысы полиция

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!