Новости Казахстана27 сентября 2023, 18:00

Алаяқтан зардап шеккеннің көбісі құқық қорғау органдарына жүгінбейді.

Алаяқтар астаналықтардың 2 млрд 600 млн теңгесін алдап алған,- деп хабарлайды Arbat.media.

Астана полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Дастан Қалиев:

«Биыл Астана аумағында ақпараттық технологияны пайдалана отырып жасалатын 3 710 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Келтірілген залал 2 млрд 600 млн теңгеден асады. Республикалық ауқымда 15 509 интернет-алаяқтық тіркелген. Әрбір төртінші  интернет-алаяқтық Астана тұрғындарына қатысты жасалады. Тонау, қарақшылық сынды әдеттегі қылмыстар екінші орында тұр. Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын қылмыс жылдан-жылға өршіп барады. Алаяқтан зардап шеккендердің бәрі бірдей құқық қорғау органдарына жүгінбейді.

«Нақты сан айтылғаннан едәуір көп және статистика қандай екенін тек болжауға болады. Алаяқтар әр түрлі жастағы адамдарды алдайды. Қариялар көбінесе жаңа технологиямен таныс емес және сақ емес. Ал жеңіл ақша іздейтін адамдар өз жинақтарын салу арқылы аз уақытта тез көбейтіп аламын деп сенеді».

 

Алаяқтар Астана Статистика

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!