Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев қайтыс болды
Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.media.
Лауазымды тұлға ұзақ уақыттан бері сырқаттанып жүрген. Полковник Жандос Мұраталиев 1975 жылдың 2 қаңтарында Алматы облысында дүниеге келген.
Бұл орны толмас қазада қайғыларына шын жүректен ортақтастығымызды білдіргіміз келеді. Бұл – бәріміз үшін мезгілсіз келген қайғы, өкініш... Жандос Дүйсебайұлы біздер үшін тек әріптес қана емес. Ол - адал, үлгілі әке, мейірімді жан, ақылшы дос болды. Үлкен жүректі, жаны жайсаң азамат еді. Алла оның жанына тыныштық беріп, жәннатта етсін! Ішкі істер органына сіңірген зор еңбегі жадымызда мәңгі сақталады, - деп жазылған комитет таратан ақпаратта.
Поделиться
Читать Arbat media в