Әйелімен ұрсысып, бір жасар қызын терезеден лақтырмақ болған
Әйелімен ұрсысып қалған еркек бір жасар баласын терезеден лақтырмақ болған, - деп хабарлайды Arbat.media.
ҚР ІІМ баспасөз қызметі:
Петропавлда "ПБ Маяковского, 93" мекенжайында орналасқан жатақхананың бесінші қабатындағы бөлмеде төбелес болып, оқиға орнына келген полицейлер бөлменің ішінде есікті құлыптап алған және нәрестені терезеден лақтырып жіберемін деп қорқытқан ер адам бар екенін анықтады. Жатақхананың жанына учаскелік полиция инспекторлары, ТЖД, медицина қызметкерлері келді. ТЖД қызметкері өзін шатырға байлап, терезе арқылы ішке енді. Ер адамды еденге құлатып, есікті ашқан соң ішке СҚО ПД ЖҚАЖ қызметкерлері кіріп, бөлменің иесін қолға түсірді. 2023 жылы туған қыз бала, алдын ала мәлімет бойынша, зардап шекпеді. Нәресте медицина қызметкерлеріне берілді.
Ұсталған азамат — СҚО-ның 23 жастағы тұрғыны, өзі масаң күйде болған. Бірге тұрып жатқан 21 жастағы әйелі екеуі жанжалдасып, ер адам нәрестелерін терезеден лақтырамын деп қорқытқан.
Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.