Әйелді екі баласымен бірге өлтірген күдікті ұсталды
Полиция қызметкерлері анасын және оның кәмелетке толмаған балаларын өлтірген күдіктіні қолға түсірді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында 41жастағы Алматы қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды.
«Аталған дерек Іле аудандық полиция бөлімінде ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (екі немесе одан да көп адамды өлтіру) және 99-бабы 3-бөлігі (жас баланы өлтіру) бойынша тіркелді. Күдікті қылмыстың ізін жасыру мақсатында үйді өртеп жіберген. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу іс-шаралары жүргізілуде», - деді Алматы облысы ПД бастығы, полиция полковнигі Бауыржан Әленов.
Ұсталған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Поделиться
Читать Arbat media в