Новости Казахстана14 июня 2023, 2:31

Абай облысындағы өрттің Семей қаласына бағытталған беті бәсеңдеді

Семей ормандарында өрткен қатысты Төтенше жағдайлар министр Сырым Шәрімханов жағдайды қалыпты деп бағалады, деп хабарлайды  Arbat.media 

ТЖМ басшысы барлық күштер мен құралдар орман өрттерінің елді мекендерге өтуіне жол бермеу бойынша жұмысты жалғастырып жатқанын атады. Сонымен қатар топтастырылған күштер мен құралдарды тиімді қолдануды қамтамасыз етуді тапсырғанын мәлімдеді. 

Қазір Абай облысындағы өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 1 900-дан астам адам, 360-қа жуық бірлік техника жұмылдырылған.

Өртті сөндіру жұмыстары басталғаннан бері өрт ошақтарына әуеден 1 526 рет су төгілып, жалпы көлемі 4 486 тоннаны құрап отыр. 

Өртті сөндіру +270-ден +320С-ге дейінгі жоғары температуралық фонмен, жану алаңының ауқымдылығымен  және солтүстік, солтүстік-шығыстан  секундына 14 метр жылдамдықпен соққан желге, күндіз оның екпіні секундына 20 метрге дейін жетуіне байланысты қиындаған. 

Қазгидромет болжамы бойынша алдағы 3 тәулікте жауын-шашынсыз ауа райы, екпіні секундына 28 метрге дейін жел күтілуде. 

Сонымен қатар, бүгін 13 маусымда өрт Семей қаласына қарай бағыт алғаны байқалды. Уақтылы қабылданған жедел шаралардың арқасында өрт 30 км жерде тоқтатылған. 

Абай облысы Өрт семей

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!