Новости Казахстана13 июня 2023, 13:22

Абай облысындағы өрттен қайтыс болғандардың отбасына 7 млн теңге беріледі

 Абай облысында орман өртінен қаза тапқандардың отбасына 7 млн теңгеден және әр балаға 2 млн теңгеден қаржы беріледі, деп хабарлайды Arbat.media.

Абай облысындағы ірі табиғи өртті жою және одан зардап шеккен отбасыларға қажетті қолдау шараларын көрсету мәселелері жөнінде өткен жедел кеңесте премьер-министр Әлихан Смайылов осылай мәлімдеді.

ТЖ себептерін анықтау және салдарын жою үшін арнайы Үкіметтік комиссия құрылды. Оның құрамына салалық министрліктер мен құқық қорғау органдарының өкілдері қосылды. 

Әлихан Смайылов 10 күн ішінде оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, тиісті қорытынды жасауды тапсырып, өрттен қаза тапқандардың отбасыларына 7 млн теңгеден берілетінін, ал қаражат «Қазақстан халқына» қорынан бөлінетінін атады. 

Мемлекет басшысының Абай облысындағы жедел штаб отырысында берген тапсырмаларын орындау үшін қаза тапқандардың отбасыларына «Қазақстан халқына» қорынан 7 млн теңгеден, сондай-ақ кәмелетке толмаған әр балаға 2 млн теңгеден төленетін болады, - деп жазылған ақпаратта.

Сонымен қатар қаза тапқандардың отбасыларына және зардап шеккендерге қажетті қолдау шараларын көрсету мақсатында арнайы қор құрылғаны белгілі болды. Ал жоғары оқу орындарында ақылы оқитын студенттерге грант беріледі.

40-тан астам қазақстандық ЖОО өрттен зардап шеккен отбасылардың студенттеріне гранттар мен жатақханадан орын беруге дайын. Оған қоса ақылы негізде оқитын студенттер мен магистранттарды грантқа ауыстыру көзделген, - деп жазылған ақпаратта. 

 

Абай облысы Өрт өлім

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!