Новости Казахстана9 июня 2023, 13:52

Абай облысындағы өрт: Сөндіру жұмыстарына 4 тікұшақ тартылды

Абай облысындағы өртті сөндіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Arbat.media.

Өртке қарсы мемлекеттік қызмет органдарының күштері мен құралдары орман шаруашылығына өртті жоюға жұмылдырылып, ТЖМ, Орман шаруашылығы комитеті, ЖАО және Қорғаныс министрлігінің 300 астам адамы, 70 техникасы бекітілді.

Министрліктің хабарлауынша, тілсіз жауды өшіруге 4 тікұшақ тартылған. Сондай-ақ, өрт аумағын аэровизуалды тексеру және өрт ошақтарына су ағызу жүзеге асырылып жатыр. 

ТЖ министрі Юрий Ильиннің өкіміне сәйкес күштер мен құралдарды үйлестіру үшін өрт орнына ТЖ вице-министрі М. Күлдіков жіберілгені айтылды.

Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар Бородулиха ауылында Островский атындағы ОМ және колледжде эвакуациялық пункттерді орналастырғанын атады. 

Абай облысы Өрт Төтенше жағдай

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!