Абай облысындағы өрт кезінде 1 адам жоғалып кетті
Абай облысында орман өрті кезінде жоғалып кеткен тағы адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Arbat.media.
Орман шаруашылығының тракторшысы, 1987 жылы туған Сергей Архипов Абай облысындағы өртті сөндіру кезінде із-түссіз кеткен. Ол 9 маусымнан бері байланысқа шықпаған көрінеді.
Іздеу жұмыстарына көмектесуді сұраймыз. Далон филиалынан Каштакқа өрт сөндіруге кеткен. Соңғы рет байланысқа 9 маусымда шыққан. Содан бері хабар-ошарсыз. Мына байланыс нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз: +7 771 582 2159, - деп жазылған мәліметте.
Бұған дейін өңірде болған өрт кезінде орман шаруашылығының 14 қызметкері қайтыс болып, 12 маусымда еліміз бойынша Ұлттық Аза тұту күні жарияланған болатын.
Поделиться
Читать Arbat media в