Новости Казахстана12 июня 2023, 15:07

Абай облысындағы өрт басталғалы бері 150 адам қауіпсіз жерге көшірілді

«Семей-орманы» мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы өртке баcталғалы бері 3 ауылдың тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Arbat.media.

Өңір әкімдігінің мәліметінше, қазіргі уақытта Семей қаласының үш эвакуациялық пунктінде Талица, Половинки, Бұлақ ауылының тұрғындары – 150-ге жуық адам, жайғастырылған. 

Қалада барлығы 9 эвакуациялық пункт жабдықталып, олар қажет болған жағдайда 800-ге жуық адамды қабылдауға дайын екені айтылды. 

Қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындар азық-түлікпен және бірінші кезекте қажетті заттармен қамтамасыз етілді. Табиғи апат аймағында қалған адамдар өрт болған жерде әкімдік волонтерлермен бірлесіп тұрғындарға жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіп жатқанын айтып отыр. 

Абай облысы Өрт эвакуация

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!