Абай облысындағы орман өртіне жұмылдырылған ТЖ қызметкері жұмыс орындарына оралды
Абай облысындағы орман өртіне жұмылдырылған төтенше жағдайлар күштері өздерінің тұрақты жұмыс орындарына аттанды, деп хабарлайды Arbat.media.
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың өкімі бойынша ТЖМ күштері мен құралдары, оның ішінде әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері тұрақты жұмыс орындарына аттанған.
Өңірде орман өрті сөнгенімен, әліде өрт ошақтары бар екені белгілі болып отыр. Ары қарай Экология және табиғи ресурстар министрлігінің орман өрт станциялары өрт орнында одан әрі қарауылдау жұмысын жүргізіп, өртті сөндіру туралы шешім қабылдайтын болады. Сонымен бірге, қарауылдау жұмысын жүргізуге Абай облысы ТЖД күштер мен құралдары көмек көрсетпек.
ТЖМ, ЭТРМ, ҚО, жергілікті атқарушы органдарының күштері мен құралдары 14 маусымда сағат 21.00-де Абай облысындағы Семей орманы табиғи резерватының аумағындағы өртті оқшаулағаны туралы мәлімдеген болатын.
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің орман өрт станциялары өрт орнында одан әрі қарауылдау жұмысын жүргізіп, өртті сөндіру туралы шешім қабылдайтын болады.
Сонымен бірге Абай облысы ТЖД күштері мен құралдары көмек көрсететін болады.